Ақмола облысында Бурабай курорттық аймағында орналасқан Көкшетау мен Бөлектау тауларына шығуға уақытша тыйым салынды. Шектеу 10-20 тамыз аралығында күшінде болады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметінде түсіндіргендей, бұл шешім мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупінің жоғары сыныбы белгіленуіне байланысты қабылданды. Бұл кезеңде құрғақ орман төсеніші мен өсімдіктер өртке әсіресе осал болады, ал қолайсыз ауа райы жағдайында оттың таралуы өте жылдам жүруі мүмкін.
«Шешім келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман өрттерінің алдын алу мақсатында қабылданды», — деп атап өтті ұлттық паркте.
Шектеу кезеңінде Боров орманшылығының мемлекеттік инспекторларына Көкшетау мен Бөлектауға шығуға тыйым салудың сақталуын бақылауды күшейту тапсырылды. Курорттық аймақтың тұрғындары мен қонақтары уақытша шараны түсіністікпен қабылдап, жабық маршруттарға өтпеуге және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырылады.


