Бурабай курорттық аймағында туристердің көңілін көтеру үшін пайдаланылатын жануарларға қатыгездік танытылғаны туралы жанжал өршіп тұр. Әлеуметтік желілерде арықтаған понилер мен түйелердің суреттері жарияланғаннан кейін Ақмола облысының полиция департаменті тексеру бастады, деп хабарлайды infohub.kz.

Threads әлеуметтік желісіндегі zhansezimmnn атты қолданушы Боровойдағы жануарлардың аянышты жағдайы туралы жазба жариялады. Ол «мұңайған көздерімен» пониге және жүруден бас тартқанына қарамастан, күшпен жүруге мәжбүрленген түйеге назар аударды. «Қазақстанда жануарларды қорғайтын қызмет жоқ па? Көргеніме қарағанда, оларды аяусыз пайдаланып жатыр», — деп жазды ол.

Жарияланымға жауап ретінде Ақмола облысының полиция департаменті тексеру басталғанын мәлімдеді. «Бурабай курорттық аймағында жануарларға дұрыс қарамау туралы жарияланған ақпарат бойынша тексеру тағайындалды, оның барысында оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ жануарларды ұстауға және пайдалануға жауапты адамдар анықталатын болады», — делінген ведомствоның ресми хабарламасында. Полиция заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін қосты.

Сонымен қатар, полиция департаменті жыл басынан бері жануарларға қатыгездік танытудың 22 фактісі анықталғанын нақтылады. Барлық фактілер бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.