- 21 мам. 2015 00:00
- 352
Cтресс туралы сабақ
Профессор оқушыларына стресс туралы сабақ өтуде. Стаканға су толтырып тыңдап отырғандардан сұрады:
“Қалай ойлайсыңдар, мына су тола стаканның ауырлығы қанша?”
20 мен 500 грам арасында деген жауаптар берілді. Одан кейін профессор былай деді:
Нақты ауырлығы маңызды емес. Мұның ауырлығы, стаканды қолда қанша уақыт ұстап тұра алатыныңа қарай өзгереді. Егер мен бұл стаканды бір минут ұстап тұратын болсам, ештеңе ете қоймас. Бірақ бір сағат ұстайтын болсам, оң қолымның ауырып, талатыны анық. Егер бір күн бойы ұстап тұратын болсам, онда жедел жәрдем шақыруға тура келеді. Көріп тұрғанымыздай сатаканның ауырлығында еш қандай өзгеріс болған жоқ. Бірақ кезкелген жүкті қаншама ұзақ ұстап тұрсаңдар, ол сендерге соншалық зілдей келеді.
Егер проблемаларымызды әрдайым алып жүретін болсақ, ақыры бір күн көтере алмайтын жағдайға келеміз. Бұл бір ғана жүктің ауырлығы барған сайын көбейіп, одан да ауыр бола бастайды. Демек, бұл проблеманың шешімі, стаканды қойып, бір мезет демалған соң қайта алу. Үйге қайтқанда, жұмыстағы проблемаларды сыртта қалдырыңдар! Үйге алып кірмеңдер! Үйде сол проблемадан арылып, демалған соң ертең қайта қолға алуға болады...
Оқуға кеңес береміз:
Профессордан тағы бір стресс сабағы