- 26 сәу. 2019 00:00
- 267
Профессордан тағы бір стресс сабағы
Үлкен өмірге қадам басып, өмірдің ыстық-суығын шынайы сезініп, мансап баспалдақтары мен тіршілік атты ағында ілгерілеп келе жатқан бір топ түлек өздері бітіріп шыққан Университеттің оқытушысы, әрі профессор ағайларына қонаққа келеді. Жағдай сұрасу барысында түлектердің бірнешеуі өмірдің қырбалаңы мен стресті сәттерін айтып ұстазына мұңын шаға бастайды. Келген қонақтарға кофе ұсынбақ болған профессор асбөлмеге кіріп, үлкен термосқа кофе демдеп, шыны, қыш, фарфор секілді арзанынан бастап қымбатына дейінгі әртүрлі ыдыстарды қонақтардың алдына алып келеді. Шәкірттер бір-бір ыдыстан алған соң, бәріне термостағы кофені құйып шығады. Өзі де отырып жайғасқаннан кейін шәкірттеріне қарап былай дейді:
— Байқаған болсаңдар бүкіл бағалы ыдыстар алынып, арзан көріністегі стакандар орнында қалып қойды. Өзің үшін ең жақсысын қалауларың қалыпты нәрсе, дегенмен сендердің «стрес» деп айтып отырған келеңсіздіктеріңнің негізгі себебі де осы. Стаканның құр өзі кофенің сапасына ешнәрсе қоспайды. Бар болғаны аса бағалы және қызметі ішкеніңді сақтаумен ғана шектеледі. Негізінде бәріңнің талабың кофе болатын, стакан емес еді. Бірақ саналы түрде ең жақсы стакандарға қарай ұмтылдыңдар және кім қандай стакан алғанын көру үшін бір-біріңнің қолыңдағы стакандарға көз жүгірте бастадыңдар... Ойланып қарасаңдар, өміріміз осы кофе іспетті. Ал жұмыс, ақша, қоғамдағы жай-күйіміз — стакан. Бұлар өмірді ұстап тұру үшін қажетті құрал және таңдайтын стаканымыз өмірдің сапасын белгімейтініндей, оны өзгертпейді де. Кейде тек стаканға шоғырланып, Жаратқанның сый қылып берген кофесін, яғни өмірдің дәмін сезінуді ұмытып қоямыз. Сендерге айтар ақылым — кофенің дәмін сезініңдер! Басқалардың қолындағы стаканға қарауды доғарыңдар!..
Оқуға кеңес береміз:
Жұмыстың астында езіліп қалмау керек