Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы файтер Дияр Нұрғожай 21 қарашада Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде октагонға шығады. Оның қарсыласы — америкалық Алик Лоренц. Бұл жекпе-жек ол үшін Dana White's Contender Series-те сәтті өнер көрсеткен соң UFC-дегі тұңғыш кездесуі болады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алдағы жекпе-жек туралы журналист Нолан Кинг мәлімдеді. Катар астанасындағы кештің басты оқиғасы — UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы чех Иржи Прохазка мен жеңіліс көрмеген жаңазеландиялық Навахо Стирлингтің арасындағы қақтығыс.
29 жастағы Нұрғожай жекпе-жекке 12 жеңіс, екі жеңілістен тұратын кәсіби рекордпен келеді. UFC-де қазақстандық төрт бәйге өткізіп, екі рет жеңіп, екі рет ұтылды. 2025 жылы ол Брендсон Рибейро мен Уран Сатыбалдиевке қатарынан тұтқындау әдісімен есе жіберді. 2026 жылы Нұрғожай жеңіс сериясына қайта оралды: алдымен Рафаэл Тобиасты бірауыздан төрешілер шешімімен ұтты, ал 8 тамызда өткен соңғы бәйгеде Бруно Лопесті нокаутқа түсірді.
Оның қарсыласы Алик Лоренц те жартылай ауыр салмақта өнер көрсетіп, АҚШ намысын қорғайды. 29 жастағы америкалықтың рекорды — сегіз жеңіс, екі жеңіліс. Сегіз жеңістің барлығын мерзімінен бұрын иеленді: жетеуін нокаутпен, біреуін тұтқындаумен. Лоренц Dana White's Contender Series-ке екі рет қатысты. 2025 жылдың тамызында ол Абдул-Рахман Яхьяевқа 30 секундта техникалық нокаутпен ұтылып, кейін қатарынан екі бәйгеде жеңіске жетті. 18 тамыздағы соңғы жекпе-жекте Лоренц Contender Series-те Махамед Алимен кездесіп, бірінші раундтың 2:23 минутында қарсыласын нокаутқа жіберіп, UFC келісімшартын иеленді. Осылайша, Нұрғожаймен кездесу Лоренц үшін ірі ММА-промоушенмен келісімге қол қойғаннан кейінгі алғашқы ресми жекпе-жек болады.
Дохадағы осы турнирде тағы бір қазақстандық — Асу Алмабаев өнер көрсетеді. Жеңіл салмақтағы рейтингтің жетінші нөмірі дивизионның бесінші нөмірі Киоджи Хоригучимен жұдырықтасады. Алмабаев жекпе-жекке 24-3 рекордымен және үш жеңістен тұратын сериямен келеді. 27 маусымдағы соңғы бәйгеде ол Чарльз Джонсонды үшінші раундта тұтқындау әдісімен ұтты.


