«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» (KCSD) басқарма төрағасы Еділ Медеу 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап компаниядағы жұмысын аяқтайды. Ол депозитарий басқармасы құрамында бес жылдан астам қызмет етті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Медеу KCSD-ге 2021 жылдың маусымында басқарма төрағасының орынбасары болып келген еді. Ол стратегия, бизнесті дамыту, депозитарлық қызмет, тәуекелдерді басқару, халықаралық ынтымақтастық және коммуникациялар бағыттарын қадағалады. 2025 жылдың наурызында қаржы институтын басқарды.
KCSD-ге келгенге дейін топ-менеджер қаржы секторында 17 жыл тәжірибе жинақтап, Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінде, Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау комитетінде, ҚР Ұлттық банкінде және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жұмыс істеген.
Медеудің басшылығымен депозитарий рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша KCSD-нің таза пайдасы алғаш рет 2 млрд теңгеден асты, рентабельділік шамамен 20% болды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында 2025 жылдың басымен салыстырғанда қызмет көрсетілетін жергілікті құралдар көлемі мемлекеттік акциялар пакеттерін есептемегенде 45%-ға, ал шетелдіктер 16%-ға өсті. KCSD жүйесіндегі брокерлік шоттар саны 5,6 млн-ға жетті.
2022 жылдың басынан бастап қызмет көрсетілетін шетелдік бағалы қағаздар шығарылымдарының саны 367%-ға – 1 584 бірлікке дейін, ал клиенттік базадағы қаржы ұйымдарының саны 141%-ға – 11 елден 128 компанияға дейін өсті. Резедент еместер мен АХҚО қатысушыларының үлесі 62%-дан асты, деп бөлісті компанияда.
Осы кезеңде KCSD АҚШ, Парсы шығанағы елдері, Түркия, Әзірбайжан, Армения және Тәжікстанның жаһандық банктері мен депозитарийлерімен тікелей междепозитарлық және корреспонденттік байланыстар орнатты.
«KCSD-дегі жұмыс мен үшін маңызды кәсіби кезең болды. Бес жыл ішінде командамен бірге қазақстандық капитал нарығының мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық байланыстар мен Орталық депозитарийдің аймақтық рөлін нығайтқан жобаларды жүзеге асырдық», – деді Медеу.
Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі – бағалы қағаздарды электронды түрде сақтайтын және олардың кімге тиесілі екенін есепке алатын басты қаржы ұйымы.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл акциялар, облигациялар және басқа да активтер үшін сенімді банк. Биржада бағалы қағаз сатып алғанда, оның сіздікі екендігі туралы жазба дәл Орталық депозитарийде пайда болады.
Бұған дейін «Курсив» қазақстандықтардың бағалы қағаздармен жасайтын мәмілелері бақылауға алынатынын жазған еді.


