Жапония қабылдайтын 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының туын дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен Сарвиноз Миркадирова ұстайды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлеген хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

Қазақстандық спортшыларға мемлекеттік тулы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыс етті. Ұлттық құраманы салтанатты түрде шығарып салу рәсімі Астанада өтті. Алайда көптеген қазақстандық спортшы Азиаданы өткізіп жатқан Жапонияда қазірдің өзінде жүр.

Елдос Сметов — еліміз тарихындағы ең атақты дзюдошы. Оның қоржынында олимпиадалық наградалардың толық жиынтығы бар: Париж-2024 алтыны, Рио-2016 күмісі және Токио-2020 қоласы. 2014 жылы спортшы Инчхондағы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Алдағы турнирде 34 жастағы Сметов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Сарвиноз Миркадирова 21 жаста. Ол Қазақстанның үстел теннисінен құрамасының көшбасшыларының қатарында және халықаралық турнирлердің жеңімпазы әрі жүлдегері.

Азиада-2026 ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Жарыстар 4 қазанға дейін жалғасады. Қатысушылар барлығы 469 медаль жиынтығын сарапқа салады.