Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингін басқарып, әлем теннисінің шыңында тұрған Қазақстанның тұңғыш өкілі атанды. Бұл тарихи жетістік оның жеке мансабында да, отандық спорт тарихында да жаңа бет ашты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Спортшының ресми серіктесі әрі бренд-амбассадоры саналатын Bank RBK бұл нәтижені ерекше атап өтті. Банк басқармасының төрағасы Наталья Акентьева бірінші орынды кездейсоқ иелену мүмкін емес екенін, оған күнделікті еңбек, қиын матчтар, жеңістер мен жеңілістер арқылы қадамдап жететінін атап өтті.

«Бүгін Елена осы жолды тарихи етті: ол әлемнің бірінші ракеткасы әрі WTA шыңындағы Қазақстанның тұңғыш өкілі атанды. Bank RBK үшін Еленаның осы биікке көтерілген сәтінде қасында болу — ерекше мақтаныш. Оның жолы үлкен табыстың артында не тұрғанын дөп басып айтады: талант, мінез, тәртіп және күн сайын күшейе түсу қабілеті. Елена рейтингті жай басқарған жоқ — ол бүкіл бір ұрпақ үшін биік меже белгіледі», — деді Наталья Акентьева.

Bank RBK-ның Елена Рыбакинамен ынтымақтастығы 2023 жылы басталып, банктің қазақстандық спортты қолдау жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясының бөлігіне айналды — бұқаралық спорт бастамаларынан бастап жоғары жетістіктер спортына дейін.

Еленаның тарихы Bank RBK философиясын дәл көрсетеді: қол жеткізгенмен тоқтап қалмай, әр жолы жаңа меже қойып, жаңа жетістіктерге ұмтылу.

Бүгін бұл меже әсіресе биік көтерілді. Елена Рыбакина қазақстандық ту әлем теннисінің ең шыңында болуы мүмкін екенін дәлелдеді. Бұл нәтиже — Еленаның жеке жетістігі ғана емес, тенниске немесе басқа да спорт түрлеріне жаңадан қадам басқандардың бәріне қуат беретін мықты үлгі.

Bank RBK Еленаны және оның бүкіл командасын керемет табысымен құттықтап, оған көптеген жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейді.

Банк қызметі Қазақстан Республикасында лицензияланады.