Еуразиялық банк теңгедегі жаңа депозитті — Eurasian Plus ұсынды. Бұл депозит жоғары мөлшерлемені икемділікпен ұштастырады: салымды толықтыруға болады, ал жабу өтініш берілген күні-ақ жүзеге асады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Банк мәліметінше, жаңа салымның басты ерекшелігі — мерзімінен бұрын жабқан кезде сыйақыны қорғау. Eurasian Plus бойынша банк клиентке есептелген сыйақының 50%-ына дейінгі бөлігін сақтап қалады. Бұл ақша жоспарланған мерзімнен ертерек қажет болса, бүкіл табыстан айырылып қалу қаупін азайтады.

Тағы бір артықшылығы — қаражатқа күтпей-ақ қол жеткізу. Жинақ салымдарында жабу туралы 30 күн бұрын ескерту қажет, ал Eurasian Plus-ті өтініш берілген күні жабуға болады.

Орналастыру мерзімі — 3 және 6 ай. Ең жоғары табыстылық қысқа мерзімге орналастырғанда қолжетімді: 3 айлық салым бойынша номиналдық мөлшерлеме жылдық 17,38% (ЖТМС — 18,84%-дан 18,86%-ға дейін). Бұл ретте ақша ұзақ уақыт «қатып» қалмайды: депозитті толықтыруға болады, ал жабу өтініш берілген күні жүзеге асады. Ақшаны ұзағырақ мерзімге орналастыруға дайындар үшін жылдық 16,53% мөлшерлемемен 6 айлық нұсқа қолжетімді (ЖТМС — 17,84%-дан 17,85%-ға дейін).

Ашу үшін ең аз сома — небәрі 1 000 теңге. Осылайша, Eurasian Plus аз сомадан бастап жинақтауға және бос қаражат пайда болған сайын депозитті толықтыруға мүмкіндік береді.

«Біз салымшылар үшін ненің маңызды екенін зерттеп, екі негізгі қажеттілікті анықтадық: жоғары табыс алу және жағдай өзгерсе, ақшаны қайтарып алу мүмкіндігіне ие болу. Сонымен қатар клиенттер депозитті мерзімінен бұрын жабқан кезде есептелген сыйақының бәрінен айырылғысы келмеді. Сондықтан біз ақша мерзімінен ертерек қажет болса, банк клиентке номиналдық мөлшерлеменің 50%-ы негізінде есептелген сыйақыны сақтап қалатын мүмкіндікті қарастырдық. Бұл — тартымды табыстылықты өз қаражатының қолжетімділігімен ұштастыруға мүмкіндік беретін ымыра», — дейді Еуразиялық банктің кредиттік емес өнімдерді дамыту басқармасының атқарушы директоры Александр Попов.

Eurasian Plus депозитін Eurasian Bank мобильді қосымшасында және банк бөлімшелерінде ашуға болады. Өзекті мөлшерлеме мен толық шарттарды банктің ресми сайтынан нақтылауға болады.

Депозит депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне қатысады, кепілдік өтемақы сомасы 10 млн теңгеге дейін жетеді.

Банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (әмбебап банктік лицензия) №1.1.948.140, 16.07.2026 жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.