Аралас жекпе-жек шебері Фёдор Емельяненко қайта оралуға дайын екенін мәлімдеп, кіммен жұдырықтасқысы келетінін атады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
MMAjunkie мәліметінше, «Соңғы император» мүмкін болатын қайта оралуы үшін өзінен кем түспейтін аңыз — ауыр салмақтағы Абсолюттік жекпе-жек чемпионатының (UFC) бұрынғы чемпионы америкалық Рэнди Кутюрді таңдаған.
«Мен өз командаммен жаттығуды жалғастырып жүрмін. Командамды жаттықтырамын, сондықтан жаттығуды тоқтатқан жоқпын. Жарысқа келер болсақ, егер жақсы ұсыныс түсіп, оның мәні болса — неге болмасқа? Мен әлі де жұдырықтаса аламын», — деді Фёдор.
Емельяненко қазір боксқа қызығушылығы барын атап өтті.
«Біз бокспен айналыстық, сондықтан бокс маған қызық. Меніңше, Рэнди әлдеқайда қызықты қарсылас болар еді. Мен дайынмын, егер ол да дайын болса», — деді ММА аңызы.
Фёдор соңғы рет октагонға 2023 жылдың ақпанында шығып, ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жекте Райан Бэйдерден жеңіліс тапқан болатын. Ол кездесу Bellator лигасында өткен, алайда ол қазір басқа промоушенмен бірігіп, енді жоқ.
Айта кетейік, биылғы жылдың басында ресейлік аралас жекпе-жек шебері Фёдор Емельяненко самбодан Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды.


