Ғанижан Асанұлы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Үкіметтің мәліметінше, тағайындау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен жасалған.
Өмірбаянына сәйкес, Ғанижан Асанұлы 1986 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Ол Қаржы полициясы академиясын, Kings College London (Ұлыбритания) және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
2008–2009 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды. 2012–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сарапшысы және бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2014–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаментінің бас кеңесшісі және мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2017–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі — басшының орынбасары болды, ал 2018–2019 жылдары Түркістан облысы бойынша департаментте осыған ұқсас қызметті атқарды.
2019–2020 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары болды. 2020–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаменті директорының орынбасары және директоры қызметтерін атқарды.
2021–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет бөлімі секторының меңгерушісі болды.


