Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы (КТК) терминалының маңында мұнай танкеріне тағы да шабуыл жасалды. Грекия туы астындағы кеме зардап шекті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
РИА Новости Bloomberg материалына сілтеме жасап, оқиға кеше болғанын хабарлады. Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, танкер КТК терминалында тиеуді аяқтағаннан кейін соққыға ұшыраған. Мақалада: «Грекия туы астындағы мұнай танкері Қара теңізде шабуылға ұшырады. (...) Ол КТК терминалында тиеуден кейін соққыға ұшырады», — делінген.
Шабуылдың мән-жайы ашылмай отыр. Кеменің операторы Skiros компаниясы экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпегенін мәлімдеді.
Еске салайық, КТК теңіз терминалының акваториясында танкерге алдыңғы шабуыл 30 шілдеде болған еді. Сол кезде консорциумның баспасөз қызметі оны «террористік» деп атады. Маршалл аралдары туы астындағы «Niffos Sifnos» кемесі зардап шекті, ол сыртқы бекіту құрылғысында мұнай тиеу кезінде болған. Жүкті жөнелтуші «Теңізшевройл» ЖШС («Шеврон» компаниясы, Қазақстан) болды.
Кейін Қазақстан Энергетика министрлігі КТК-ға отын қабылдауды уақытша шектеу және қазақстандық мұнайды баламалы бағыттар бойынша қайта бағыттау туралы хабарлады.
Сонымен қатар, БАҚ-та АҚШ вице-президенті қазақстандық мұнайы бар танкерлерге жасалған шабуылдарға наразылық білдіріп, Владимир Зеленскийге жүгінгені туралы ақпарат пайда болды.


