Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасының тоғызыншы турында Мәскеудің «Локомотивіне» қарсы сырт алаңдағы матчта «Крылья Советов» сапында негізгі құрамда алаңға шықты. «РЖД Аренада» өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Чесноков ойынды самарлық команданың шабуылдағы оң қанатында бастады. 44-ші минутта қазақстандық футболшы сары қағаз алды, ал үзілісте «Крылья» бас бапкері Сергей Булатов оны Никита Салтыковқа ауыстырды.
Бірінші тайм голсыз өтті. Үзілістен кейін есепті «Локомотив» ашты: 53-ші минутта Николай Комличенко көзге түсті. «Крылья Советов» 67-ші минутта жауап қайтарды – қосалқы құрамнан шыққан Амар Рахманович Салтыковтың пасынан кейін есепті теңестірді.
Қалған уақытта командалар басқа гол соқпады – 1:1. Тоғыз турдан кейін «Крылья Советов» 11 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұр. «Локомотив» жеті ұпаймен 13-ші орында. Көш басында «Краснодар» (20 ұпай) келеді.
Чесноков самарлық клубқа 18 тамызда қостанайлық «Тобылдан» жалға беру негізінде ауысқан. Келісім 2026/27 маусымының соңына дейін жасалған және футболшыны сатып алу опциясын қарастырады.
«Локомотивпен» кездескенге дейін 26 жастағы қазақстандық РПЛ-дағы «Акрон», «Ахмат» және «Краснодар» матчтарында алаңға шыққан. «Родинамен» ойында ол қосалқы құрамда қалды.


