Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жұмыстың астында езіліп қалмау керек

Жұмыс істеу адамның табиғи қажеттіліктерінің бірі. Адамның қалыпты функцияларын орындай алуы үшін ауаға, суға, тамаққа, достыққа қажеттілігі болғаны сияқты, жұмыс істеуге де қажеттілігі бар. Алайда істелетін жұмыс қанағаттандырарлықтай болмаса, іш пыстыратын, бірқалыпты және жүйесіз, жоспарсыз түрде істелсе, аз уақытқа көп жұмыс жүктелінсе адамның жалығып, мезі болуына және жұмысқа деген ынтасының азаюына алып келеді. Жоспарлы, жүйелі түрде жұмыс істеу жалықтырмайды. Сондай-ақ уақытты да ең тиімді, үнемді түрде пайдалануға себеп болады.

Американың тұңғыш президенті Дж.Вашингтонның хатшысы бір күні сағатының артта қалып қалуынан жұмысқа кешіккендігін айтып, кешірім сұрайды. Сонда Вашингтон: «Олай болса, сен жаңа сағат аласың, ал мен жаңа хатшы...» деген екен.

АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі Линкольн, бала күнінде бір шаруаның қолында мал бағушы болып істеп жүріп малдың көлеңкелеп жататын уағында кітап оқып кейбір сыныптарды сырттай бітірген, кейінірек дүкенде сатушы болып істегенінде алушы жоқ кездерде кітап, сабақ оқып мектепті солай бітірген, одан соң хұқық факультетіне түсіп, оны бітірген соң “баро” емтиханынан өтіп адвоктат болған. Осылай жүйелі, жоспарлы әрекетінің арқасында Президенттікке дейін көтерілген екен.  

Жұмыстары жоспарлы, бағдарлы болмаған және орнымен демалуды, әрі өзін жетілдіріп отыруды білмеген адамның, жетістікті болуы мүмкін емес. Тек жұмысқа берілген адамдарға жұмысжанды (трудоголик) делінеді және мұндайлар жұмыспен жатып, жұмыспен тұрады. Бос қалу қаншалықты зиянды болса, мұншалықты ауыр баппен жұмыс істеу де сондай зиянды. Өзін де, жұмысын да аз уақытта тоқырауға жеткізеді. Мұндай адамдар уақытпен жарысуда. Алайда бұларда жоғары қысым, жүрек талмасы, асқазан жарасы, мигрень сияқты аурулар жиі кездеседі және жұмыстың сәттілігі де уақыт өте келе азаяды.

Жасалған бір зерттеуде аптасына 80 сағат жұмыс істейтіндердің 70%-ының ерте жаста жүрек талмасына ұшырайтындығы анықталған. Бұлай жұмыс істейтіндер көбінесе жұмыстарының тығыздығын айтып ашынады. Алайда қысылып тұрған жұмысы емес, жұмысқа батып қалған адамның тек өзі, одан да дұрысы жүрегі.

Осы тұрғыдан да әрбір іскер адамның уақытын жоспарлауы, жүйеге келтіруі өзіндік, жанұялық тіпті қоғамдық тұрғыдан қарағанда да маңызы өте жоғары іс.

Оқуға кеңес береміз: 

Стресс сабағы

Профессордан тағы бір стресс сабағы

Адам қашан бақытты болады?


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама