Қадиша Беготаева Павлодар әкімінің орынбасары қызметінен босап, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында айтылған. Павлодар облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Қадиша Беготаева Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды.

Қадиша Қабылдайқызы 1969 жылы Новосібір облысында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Павлодар облысы Железин ауданының автокөлік шаруашылығында бас бухгалтер болып бастаған.

1995–1999 жылдары Железин ауданының қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер қызметтерін атқарған.

1999–2015 жылдары Железин ауданының қаржы және экономика бөлімінде басшылық лауазымдарда болды.

2015–2021 жылдары — Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

2021 жылдан осы тағайындауға дейін Павлодар әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Мемлекеттік қызмет өтілі — 30 жылдан астам.