Монакода УЕФА Конференция лигасының 2026/27 маусымындағы негізгі кезеңінің жеребесі өтті. Төртінші себетте болған алматылық «Қайрат» италиялық «Аталанта», грек «Панатинаикос», нидерландтық «Твенте», румындық Крайовадағы «Университатя», швед «Мьельбю» және латвиялық «Рига» клубтарымен кездесетін болды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Грек, румын және швед командалары Қазақстанға келеді, ал Рафаэль Уразбахтин шәкірттері қалған үш клубпен қонақта ойнайды.
Турнир регламентіне сәйкес, 36 команданың әрқайсысы негізгі кезеңде әртүрлі қарсыластармен алты матч өткізеді (Чемпиондар лигасындағыдай сегіз емес). 1/8 финалға жалпы кестедегі үздік сегіз клуб тікелей шығады. Тоғызыншыдан жиырма төртінші орынға дейін орналасқан командалар 2027 жылдың ақпанында 1/8 финалға шығу үшін плей-офф матчтарына қатысады, ал 1/8 финал наурызда өтеді.
Ширек финал 8 және 15 сәуірде, жартылай финал 29 сәуір мен 6 мамырда өтеді. Конференция лигасының финалы 2026/27 маусымында 2 маусымда Ыстамбұлдағы «Бешикташ» стадионында өтеді.
Негізгі кезең матчтарының нақты кестесі кейінірек жарияланады, бірақ турлардың күндері белгілі: бірінші тур – 15 қазан, екінші тур – 22 қазан, үшінші тур – 5 қараша, төртінші тур – 26 қараша, бесінші тур – 10 желтоқсан, алтыншы тур – 17 желтоқсан.
Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеуінде сәтсіз өнер көрсетіп, Еуропа лигасының іріктеуіне, одан кейін Конференция лигасына түсті. Алдыңғы күні Чемпиондар лигасының да жеребесі өтті.


