Қазақстандық спортшы Мария Бровкова Польшада өтіп жатқан байдарка мен каноэден 2026 жылғы әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Ол өз сынында үздік бестікке ене алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сенбі күні Познаньдағы жарыста Бровкова екі финалдық жарыста бақ сынады. Каноэ-жеке сынында 500 метр қашықтықта ол 2 минут 6,33 секунд нәтижемен бесінші орынға жетті. Қазіргі уақытта бұл Қазақстан құрамасының осы турнирдегі ең үздік көрсеткіші.
Бұл сында алтын медальды канадалық София Йенсен 2:00,78 нәтижемен жеңіп алды. Екінші орынды венгриялық Агнес Анна Кисс (2:02,80) иеленсе, үшінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен беларусьтік Елена Ноздрева (2:04,80) алды.
Каноэ-екілік сынында 200 метр қашықтықта Бровкова Ульяна Киселевамен бірге 43,99 секунд нәтижемен тоғызыншы орынға тұрақтады. Жеңісті беларусьтік Юлия Трушкина мен Инна Неделькина (42,26) қанжығалады. Күміс медаль өзбекстандық Шохсанам Шерзодова мен Нилуфар Зокироваға (42,52), қола медаль Чаньвэнь Шуай мен Вэньцзюнь Линге (42,65) бұйырды.
Байдарка мен каноэден әлем чемпионаты 30 тамызда аяқталады.


