Ақтаулық «Каспий» футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы 27-тур матчында талдықорғандық «Жетісуді» қонақта жеңді. Кездесу Талдықорғанда өтіп, қонақтардың минималды басымдығымен — 1:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бірінші таймда командалар есеп аша алмады, футболшылар үзіліске тең есеппен кетті.

Кездесудің тағдыры екінші таймда шешілді. 61-минутта Владислав Климович допты қожайындар қақпасына бағыттап, ақтаулық клубты алға шығарды. Бұл гол матчтағы жалғыз гол болып, «Каспийге» үш ұпай әперді.

Қонақтағы жеңістің арқасында Ақтау командасы жинаған ұпай санын 29-ға жеткізіп, ҚПЛ турнир кестесінде оныншы орында тұр.

Енбегінде 22 ұпайы бар «Жетісу» чемпионаттың соңғы, 16-сатысында қалуда.

Келесі турда талдықорғандық клуб 10 қазанда сырт алаңда алматылық «Қайратпен» кездеседі. «Каспий» 11 қазанда өз алаңында өскемендік «Алтайды» қабылдайды.