Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындары-2026-да академиялық есу бойынша Қазақстан құрамасының өкілдері финалдық жарыстарда сынға түсті. Ең үздік нәтижені жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы жалғыз ескекті қайықтың А финалында Роза Кенес көрсетті — ол қашықтықты 7 минут 47,95 секундта жүзіп өтіп, тұғырдан бір қадам қалғанда төртінші орында тоқтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Тағы бір топ-5 нәтижесін Екатерина Носкова мен Мария Чернец көрсетті. Жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы қос ескекті қайықтар сайысында қазақстандық дуэт 7 минут 11,19 секунд уақытпен бесінші болып мәреге жетті. Алтынды Иран жеңіп алды, екінші орынды Гонконг, үшінші орынды Жапония иеленді.
В финалдарында Қазақстанның ерлер құрамасының өкілдері де өнер көрсетті. Бапан Асханбек жалғыз ескекті қайықта екінші болып, жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтады.
Ұқсас нәтижені қос ескекті қайықтар сайысында Алексей Красновский мен Владислав Галкин көрсетті. Қазақстандықтар В финалында екінші болып, қорытынды классификацияда да сегізінші орында тұрды.


