Эквадордың Гуаякиль қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталды, оған Қазақстан құрамасы қатысуда, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алғашқы жарыс күні-ақ қазақстандық спортшылар бес медаль жеңіп алды: бір алтын, екі күміс және екі қола.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Расулхан әлем чемпионы атанды. Финалдық белдесуде ол канадалық Роман Семирозумды жеңіп, құрамаға турнирдің тұңғыш алтын медалін әкелді.
Күміс жүлдені Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Адия Жанахмет (40 келіге дейін) иеленді.
Қола жүлдені Бекәріс Құдайберген (50 келіге дейін) және Ахмет Баубек (60 келіге дейін) жеңіп алды.
Осылайша, жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде бес медаль: бір алтын, екі күміс және екі қола.


