Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында іріктеу кезеңінің жартылай финалында болгариялық Григор Димитровтан жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды infohub.kz.
Әлемдік рейтингте 205-орында тұрған Скатов мансабының шыңында әлемнің үшінші ракеткасы болған, қазір 137-сатыдағы Димитровпен кездесті. Матч екі сетке созылып, біріншісі тай-брейкте аяқталды. Димитров 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер кортта 2 сағат 1 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Скатов төрт эйс жасап, сонша қос қателік жіберіп, жалғыз брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Димитров іріктеудің финалына шығып, US Open негізгі торына жолдаманы финляндиялық Отто Виртаненмен сарапқа салады. Маусымдағы соңғы Үлкен дулыға турнирі Нью-Йорктегі хард корттарында өтеді.
Осылайша, қазақстандықтардан US Open жеке сында тек Александр Бублик пен Александр Шевченко ғана өнер көрсетеді.


