Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте ресми түрде ашылып, бүгін, 4 қазанда мәресіне жетті. Жексенбі күні таңертең Азиада-2026-ның соңғы жарысы – ат спортынан конкур өтті. Онда шабандоздар кедергі биіктігіне қарай екі санатта сынға түсті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қазақстандық Олег Соколенко Синдерелла есімді атымен А санатында 14-орын алды. Нурила Тұрысбекова Кубель-ван-Абелендрефф атымен қалған бес шабандозбен бірге мәреге жете алмады.
Айта кетейік, ат спорты жарыстары Ойындар астанасы Нагояда емес, Токиодағы JRA Equestrian Park олимпиадалық кешенінде өтті.
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2026
4 қазан. Ат спорты. Конкур. Кедергі биіктігі 140/150 см
🥇 1. Фалех АЛАДЖАМИ – Капелла (Катар)
🥈 2. Абдулла АЛЬМЕЙРИ – Хадсон-де-Вайнс (БАӘ)
🥉 3. Халед Абдулрахман АЛЬМОБТИ – Диана-де-Плево (Сауд Арабиясы)
…14. Олег СОКОЛЕНКО – Синдерелла (Қазақстан)
Бүгін Нагоядағы «Палома Мидзухо» стадионында Азиада-2026-ның салтанатты жабылу рәсімі өтеді.
Туризм және спорт министрлігінде Азиада-2026-ның қорытындысы шығарылды. Қазақстан құрамасы 84 медаль жеңіп алды – 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Осылайша 46 қатысушы ел арасында жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.
Хиросима-1994-тен Инчхон-2014-ке дейінгі алты Азиадада Қазақстан құрамасы үздік бестіктен түспеді. Ханчжоу-2022-дегі өткен Ойындардағы нәтиже тарихтағы ең нашар көрсеткіш болды. Ал қазіргі жарыстағы 12 алтын медаль – командамыздың Азиадалардағы соңғы орындардың бірінен көрінген нәтижесі.
Кешенді жарыстарда (Олимпиада мен Азиадада) ең беделді саналатыны – ойындық командалық спорт түрлері. Осы түрлерде қазақстандықтардың еншісінде бір күміс бар. Ойындардың вице-чемпиондары су полосы ойыншылары атанды. Гандболшы қыздар мен әйелдер регби құрамасы жүлдегерлер тұғырынан бір қадам қалғанда тоқтады.
45 елдің спортшылары қатысқан жарыстарда 460 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Оның 217-сі – ерлер, 204-і – әйелдер және 39-ы – аралас разрядтар арасында.
Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының сапында 35 спорт түрінен 558 спортшы өнер көрсетті.
Келесі Азия ойындары 2030 жылы Катар астанасы Дохада өтеді.


