Жапонияда өтіп жатқан Азиат ойындары-2026-да Қазақстан әйелдер баскетбол құрамасы екінші рет жеңіліс тапты. Турнир иелеріне қарсы ойында қазақстандық спортшылар жапон құрамасына 88:23 есебімен жол берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Кездесу Жапония құрамасының басымдығымен өтті: олар бірінші минуттан-ақ бастаманы өз қолына алып, ойын бойы айырмашылықты ұлғайта түсті. Ширектер бойынша есеп былай болды: 23:9, 25:6, 23:5, 17:3.

Борис Фаткулиннің шәкірттері төрт ширектің ешқайсысында он ұпайдан асыра алмады. Қорытынды айырмашылық 65 ұпайды құрады.

Қазақстан құрамасы үшін бұл турнирдегі екінші ірі жеңіліс. Бастапқы ойында ұлттық құрама Филиппинге 55:88 есебімен жол берген болатын.

Келесі кездесуді қазақстандық баскетболшы қыздар 22 қыркүйекте Гонконгқа қарсы өткізеді. Плей-оффқа әр топтан екі үздік құрама, сондай-ақ үшінші орын алған үш құраманың екеуі шығады.