Жапония қабылдап отырған XX жазғы Азия ойындарында ерлер мен әйелдер арасындағы қазіргі бессайыс жарыстары басталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұл спорт түрі қылыш сайысын, ат спортын, жүзуді, сондай-ақ лазерлік тапаншадан атумен жүгіруді біріктіреді. Сәрсенбіде қылыш сайысының іріктеу кезеңі өтті.
Ерлер сеткасында қазақстандық Темірлан Абдраимов екінші нәтиже көрсетті. Алдын ала кезеңде ол 27 жеңіс пен сегіз жеңіліске қол жеткізді. Лев Чувашов, Тихон Варёхин және Кирилл Стадник іріктеуде тиісінше 13, 14 және 16-орындарды иеленді. Олардың барлығы 20 жеңіс пен 15 жеңіліске қол жеткізді.
Әйелдер арасындағы қылыш сайысының іріктеуінде қазақстандықтардың ішінде үздігі Диана Щедрова болды — 12-орын (19-13). Аяна Казбекова 16-орынды иеленді (17-15). Юлиана Петрова 22-нәтиже көрсетті (14-18).
17 қыркүйекте қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финалдар басталады. Ерлер бір күннен кейін осы кезеңде сынға түседі.


