Қазақстан хоккей федерациясы ресми сайтында ерлер ұлттық құрамасының Азия чемпионаты 2027-ге өтінімін жариялады. Турнирде команданы Талғат Жайлауов баптайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жарыс 2026 жылғы 5–8 қарашада Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында айналмалы форматта өтеді. Турнир иелері мен Қазақстаннан бөлек, медаль үшін Қытай мен Жапония өкілдері де таласады.

Ұлттық құрама өтініміне 20 дала ойыншысы мен үш қақпашы енді. Олардың барлығы Қазақстан чемпионатының клубтарында ойнайды.

Қақпашылар: Антон Осокин, Сергей Кудрявцев (екеуі де — «Торпедо»), Владислав Нурек («Номад»).

Қорғаушылар: Степан Александров, Данил Бутенко, Фёдор Хорошев (барлығы — «Торпедо»), Артем Королев, Александр Макаров, Кирил Никитин, Руслан Тусупбеков (барлығы — «Номад»), Эдуард Михайлов («Сарыарқа»).

Шабуылшылар: Артур Гатиятов, Дмитрий Гренц, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Максим Мухаметов (барлығы — «Торпедо»), Артур Гросс, Абай Мангисбаев, Александр Мигунов, Никита Мерзликин (барлығы — «Номад»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Алматы»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).

Матчтар кестесі қазақстандық уақытпен: 5 қараша, 12:00 — Жапония — Қазақстан; 7 қараша, 13:30 — Қазақстан — Қытай; 8 қараша, 13:30 — Қазақстан — Оңтүстік Корея.