Косовода өткен муай-тайдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын, үш күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық медаль есебінде қазақстандық спортшылар үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әлем чемпионы атағын Юсуф Мухтасиб (48 кг салмақ дәрежесі), Давид Широкорадов (57 кг), Тұрар Дүйсехан (63,5 кг), Бақтияр Нариманов (67 кг) және Аслан Кошиев (91 келіден жоғары) жеңіп алды.
Турнирдің күміс жүлдегерлері — Анастасия Конюшко (45 кг), Дайана Дүйсенғали (48 кг) және Абдурахман Абишев (54 кг).
Қола медальмен Сиобанд Омаров (75 кг), Алена Ожередова (67 кг) және Евгений Зимин (91 кг) елге оралды.
U24 жас санатында Ерлан Шамарданов (45 кг) алтын, ал Милана Колченко (57 кг) қола жүлде жеңіп алды.
Құрама қоржынына тағы бір алтын медальді 45 жастан асқан спортшылар арасында чемпион атанған қазақстандық Иван Ван Хон Тун (86 кг) қосты.
Салыстырар болсақ, 2025 жылы Түркияның Анталия қаласында өткен өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар жеті медаль жеңіп алған. Ағымдағы әлем біріншілігінің медаль есебінде Қазақстан құрамасы тек Вьетнам мен Түркия командаларына ғана жол берді.


