Қазақстанның садақ ату құрамасы Жапония қабылдап отырған 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарында күш сынасуға кірісті. Сенбіде, 26 қыркүйекте, турнирдің барлық он дисциплинасы бойынша іріктеу өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Азиадада блокты және классикалық садақ атудан — жеке, командалық және аралас разрядтарда медальдар сарапқа салынады. Жеке түрлерде плей-оффқа бір елден екі өкілден аспай өтті.
Блокты садақта ерлер арасында Андрей Тютюн мен Ділмұхамет Мұса, әйелдер арасында Виктория Лян мен Адель Жексенбинова жүлде үшін күресін жалғастырады. Ерлер командалық турнирінде Андрей Тютюн, Ділмұхамет Мұса және Акбарали Карабаев, әйелдерде Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова сынға түседі. Аралас разрядта Қазақстан атынан Андрей Тютюн мен Виктория Лян өнер көрсетеді.
Классикалық садақта ерлер арасында плей-оффқа Ильфат Абдуллин мен Дәулеткелді Жанбырбай, әйелдер арасында Самира Жұмағұлова мен Александра Землянова шықты. Ерлер командасын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жанбырбай және Дастан Каримов, әйелдер командасын Самира Жұмағұлова, Александра Землянова және Медина Мұрат құрады. Аралас командалық турнирде Ильфат Абдуллин мен Самира Жұмағұлова сынға түседі.
Садақ атудан плей-офф 27 қыркүйекте басталады, ал финалдық кездесулер 30 қыркүйекте өтеді.


