Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында үстел теннисінен Қазақстанның ерлер жұптық разрядында Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев сәтті бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Екінші айналымда қазақстандық жұп Иран өкілдері Беньямин Фараджи мен Арьян Гаффаримен кездесті. Герасименко мен Құрманғалиев 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандықтар бірінші партияны 11:8 есебімен ұтты, кейін қарсыластар теңдікті қалпына келтірді — 7:11. Келесі екі партия Герасименко мен Құрманғалиевтің пайдасына шешілді — 11:9, 11:4. Кездесу 27 минутқа созылды.

Осылайша, Қазақстан өкілдері ерлер жұптық турнирінің келесі айналымына өтіп, Азиада медальдары үшін күресті жалғастырады.

Бұған дейін Герасименко мен Құрманғалиев Қазақстанның ерлер құрамасы сапында командалық турнирде де өнер көрсеткен. Ұлттық құрама топтық кезеңнен сәтті өтіп, Бангладеш (3:0), Сингапур (3:1) және Лаос (3:1) командаларын ұтты.

Қазақстанның тағы бір жұбы Айдос Кенжигулов пен Санжар Жұбанов Иран тандеміне есе жіберіп, келесі айналымға шыға алмады.

XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатыр және 4 қазанда аяқталады.