АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар тарихта алғаш рет бір жарыс күнінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алғашқы медальдар грек-рим күресінің бес салмақ дәрежесінде сарапқа салынды. Екі финалда Қазақстан өкілдері белдесті.
Айбек Айтбеков 60 келіге дейінгі салмақта шешуші белдесуге жол тартты. Финалда ол әзірбайжандық Эльмир Алиевті 13:4 есебімен жеңді.
Юсуф Ашрапов 72 келіге дейінгі салмақта алтын үшін күресті. Шешуші белдесуде ол армениялық Гаспар Тертеряннан 4:3 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстанның грек-рим күресінен құрамасы тарихта алғаш рет жастар арасындағы әлем чемпионатында екі алтын медальмен көзге түсті. Бұған дейін жалғыз чемпион атанып келген Султан Асетулы 2023 жылы жеңіске жеткен болатын.
Алғашқы медаль күнінде жүлде үшін Нурасыл Аманалы да белдесті, алайда ол 97 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліс тапты. Төлеген Амирханов (67 келіге дейін) мен Диас Қалтай (82 келіге дейін) жарыстың финалдық кезеңіне өте алмады.


