Жапонияның Айти-Нагоя өңірінде өтіп жатқан 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Максим Фроловский 10 000 метрге жүгіруде алты үздіктің қатарына енді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл сайыста Фроловский Қазақстанның жалғыз өкілі болды. Қашықтық басында ол айтарлықтай алшақтап кеткенімен, кейін қарсыластарының бір бөлігі оны қуып жетті, ал қазақстандық кейіннен көшбасшылар тобынан қалып қойды.

Соңында Фроловский 30 минут 22,6 секунд нәтижемен алтыншы болып мәреге жетті. Жеңімпаз — Бахрейн өкілі Бирхан Бальюға ол шамамен екі минут ұтылды. Күмісті үндістандық Гульвир Сингх жеңіп алды, ал үздік үштікті тағы бір бахрейндік Альберт Кипту түйіндеді.

Кешкі сессияда 400 метрге жүгіруден де іріктеу өтті. Әйелдер арасында Мария Шувалова төртінші уақытпен — 53,06 секунд — финалға шықты. Тағы бір қазақстандық Александра Залюбовская тоғызыншы орынды иеленіп (53,93), шешуші кезеңге жете алмай қалды.

Ерлер арасында ұлттық құрама бұл сайыста финалға шыға алмады. Эльнор Мухитдинов 19-нәтиже (47,30), ал Андрей Соколов 23-нәтиже (48,42) көрсетті.