Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэден әлем чемпионатының финалында қазақстандық каноэші Сергей Емельянов жетінші нәтиже көрсетті, деп хабарлайды infohub.kz.
Олимпиада ойындарының қатысушысы 200 метр қашықтықта каноэ-дарада шешуші жарысқа жолдама алды. Финалда Емельянов қашықтықты 42,06 секундта еңсеріп, грузиялық спортшы Александр Цивцивадземен 7-8 орынды бөлісті. Жеңіске поляк Алексей Колядич 40,95 секунд нәтижемен жетті. Күміс медальді өзбекстандық Артур Гулиев (41,05), қоланы бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен беларусь Андрей Жолобов (41,15) иеленді.
Қазіргі уақытта Емельяновтың нәтижесі турнирдегі қазақстандық қатысушылар арасында ең үздік болып отыр. Сенбіде, 29 тамызда Мария Бровкова 500 метр қашықтықта каноэ-дарада финалға шығады, сондай-ақ Ульяна Киселевамен бірге 200 метр қашықтықта медаль үшін күреседі.
Сонымен қатар Познаньде параспортшылар арасында жарыстар өтіп жатыр. Қазақстандық Максим Богатырев VL1 класында (тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамдар) 200 метр қашықтықта жетінші орын алды. Маржан Билялова әйелдер арасындағы осы сында тоғызыншы нәтиже көрсетті.


