Қазақстандық еркін күрес шебері Бекасыл Асамбек Братиславада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (U20) күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды infohub.kz.

18 жастағы спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалға дейінгі жолда ол төрт рет жеңіске жетті.

Шешуші белдесуде Асамбек америкалық Аарон Джеймс Сейделмен кездесті. АҚШ өкілі 7:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, қазақстандық турнирдің күміс жүлдегері атанды. Бүкіл ұлттық құрама үшін бұл — Братиславадағы екінші медаль. Бұған дейін грек-рим күресінен Қазыбек Қалмағамбетов (67 келіге дейін) чемпион атанған болатын.

Жұма күні тағы екі қазақстандық мінбеден бір қадам қалды. Асхаб Хаджиев (86 келіге дейін) қосымша раунд арқылы қола үшін белдесуге жолдама алды. Онда ол жапондық Нацуре Окадзавадан 0:10 есебімен ұтылды.

Улдана Тілеухан (68 келіге дейін) ширек финалда жеңіліп, қолаға талаптанған еді. Медальдық белдесуде ол украиналық Александра Рыбакқа мерзімінен бұрын ұтылып, қарсыласына түше жасатты.

Қазақстанның әйелдер құрамасы Словакия астанасындағы жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.