Алматы облысы Қарасай ауданының Көксай ауылында Mercedes-Benz маркалы автокөлік жеке үйдің қақпасына соғылып кірді. Аулада алты адам, соның ішінде бала болған. Салдарынан екі әйел зардап шекті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Туған күні 40 жасқа толған әйелдің аяғын ампутациялауға мәжбүр болды. Ауруханаға жатқызылған екінші әйелдің — 30 жастағы — қабырғалары сынған.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. «Алдын ала деректерге сәйкес, 24 жастағы қыз Mercedes-Benz автокөлігін басқарып, Наурызбай батыр көшесімен келе жатып, басқаруды жоғалтып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Нәтижесінде екі зардап шеккен де медициналық мекемеге жеткізілді», — делінген ведомство хабарламасында.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.


