10 тамызда Колумбияда болған жойқын жер сілкінісі елге 9,6 млрд доллар көлемінде тікелей материалдық шығын келтірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэлья өз үндеуінде Чоко, Валье-дель-Каука, Рисаральда, Киндио және Кальдас департаменттеріндегі тікелей шығын 30 трлн песоға жақындағанын, оның 24,5 трлны (7,8 млрд доллар) ғимараттарға, ал 5,5 трлны (1,8 млрд доллар) инфрақұрылымға тиесілі екенін мәлімдеді. Ол бұл алдын ала есептелген сандар екенін атап өтті.
Соңғы деректер бойынша, жер сілкінісі салдарынан 289 адам қаза тапты.
Еске салайық, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды. Сол күні кешке 30 адам қаза тапқаны хабарланған еді. 12 тамызда елде төтенше жағдай режимі жарияланды. Өткен аптада президент жер сілкінісі кезінде 265 адам қаза тапқанын мәлімдеген болатын.


