Үкімет кулуарында қазақстандықтарды алаяқтардан қорғау үшін ресми қоңырауларды маркалау қашан басталатыны талқыланды. Журналистер жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннен жүйенің нақты іске қосылу мерзімін атап, барлық байланыс операторлары бір мезгілде қосылатынын сұрады, деп хабарлайды infohub.kz.
Коняшкин жақында қабылданған заңдар аясында бизнес үшін міндетті маркалау енгізілгенін растады. Оның айтуынша, бұл кибералаяқтық пен жалпы алаяқтық операциялар қаупін айтарлықтай төмендетеді. «Сізге кез келген заңды тұлғадан қоңырау шалғанда, бұл нөмір контактілерде сақталмаса да, аты бірден көрсетіледі. Қазір біз қажетті техникалық шараларды жүргізіп жатырмыз, нақты іске қосылу мерзімін әзірше атай алмаймын», — деді вице-министр.
Еске салайық, шілдеде интернетке қол жеткізу, IP-телефония және транкингтік байланыс қызметтерін тек лицензиясы бар операторлар ғана көрсете алатыны хабарланған болатын. Сонымен қатар, алаяқтардан қорғау үшін ресми тұлғалардың қоңыраулары маркаланатын болады. Заң тамыз айының соңында күшіне енеді.


