Қытай мен Непал шекарасындағы өткел маңында қатты көшкін жүріп, із-түзсіз жоғалғандар бар. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруды тапсырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оқиға бүгін, 26 тамызда, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданындағы «Гьиронг» бақылау-өткізу пунктінің маңында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар жоқ, алайда із-түзсіз жоғалғандар бар. Көшкін қытай тарапындағы өткелге апаратын жолдарды жауып, байланыс пен электрмен жабдықтауды бұзды.
«Гьиронг» бақылау-өткізу пункті Қытай-Непал шекарасындағы негізгі құрлық өткелі болып табылады. Непалда Тибетпен шектесетін аймақта ауылдардың қирағаны, жолдар, көпірлер мен энергетикалық нысандардың зақымданғаны хабарлануда.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин із-түзсіз жоғалғандарды іздеу және құтқару үшін барлық қажетті ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.


