- 26 нау. 2015 00:00
- 273
Кир (ІІ Кир)
Ұлы Кир немесе ІІ Кир Ахменидтер әулеті тұсында Парсы империясының негізін қалаған. Б.з.д. 559-530 жылдар аралығында билік еткен.
Кирдің билігі тұсында империя барынша кеңейіп, ол Оңтүстік-батыс Азияның үлкен бөлігі мен Орталық Азияны бағындырды.
Ол өзінің құзырындағы ұлттарға өз діндерін ұстануға, тіпті құдайларына арнап ғибадатхана тұрғызуларына да рұқсат берді.
Кир Иранның "Мидян" және "Перс" атты тайпаларының басын қосып, Парсы елінің негізін қалады. Мидянды жеңген соң ол өзінің жаңа патшалығына мидяндар мен парсы ақсүйектерінен жасақталған үкімет құрды.
Тарихи деректерге сүйенсек Кир тік мінезді, халықты сендіре алатын ұлы көсем, мәрт және өзгелерге тілеулес адам болған екен
Кейін Кир Дрангианды, Арохосияны, Маргиян мен Бактрияны жаулап алды. Әмударияны кесіп өтіп Джакартаға жетті.
Кирдің мазары Иранның Пасаград деген жерінде орналасқан
Ол жерде Кир Орта Азия тайпаларынан қорғану үшін бекініс салдырған болатын. Кир Вавилонды да жаулап алды. Дегенмен, көбіне ол өзін жаулап алушы емес, азат етуші және тақтың заңды мұрагері ретінде көрсете білді.
Кир адамзатқа белгілі, адам құқына қатысты алғашқы хартияны жария етті. Ол "Вавилон патшасы", "Бүкіл әлем патшасы" деген атақтарға ие болды. Ол Ирандағы Пасаргад деген жерде жаңа астананың негізін қалады.