Қырғызстанның ерлер футбол құрамасы Айти-Нагояда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында Жапониядан ойсырай жеңіліп, турнир медалінен құр қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

А тобының екінші турындағы ойын сол аттас қаладағы «Тойота» стадионында өтті. Алаң иелері 7:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойын барысында Юмэки Йокояма (28-минут), Сюто Нагано (36), Юто Одзеки (39) және Хисацугу Исии (72) гол соқты. Юдаи Симамото дубль жасады (79, 86). Тағы бір голды пенальтиден Йотаро Накадзима енгізді (70).

Қатарынан екінші жеңіліс Қырғызстан құрамасын Азиада плей-оффына шығу мүмкіндігінен айырды. Команда қосымша көрсеткіштер бойынша Гонконгқа жол беріп, топ кестесінің соңында тұр.

Ал жапондар Таиландпен бірге алты ұпайдан жинап, ширек финалға мерзімінен бұрын шықты. Бұл командалар соңғы турда өзара кездесіп, бірінші орынды сарапқа салады.