Аралас жекпе-жектен өнер көрсететін қырғызстандық спортшы Валентина Шевченко UFC чемпиондық белбеуін босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды infohub.kz.

Бұған дейін Шевченконың UFC 322 турнирінде бразилиялық Наталья Силвамен жекпе-жегі жоспарланған болатын. Бұл жекпе-жек қазан айында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтуі керек еді. Бұл жекпе-жекте спортшы ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі (56,7 келіге дейін) титулын қорғауы тиіс еді.

Алайда Қырғызстан өкілі жарақат алып, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Ол UFC-ге кемінде бір жыл бойы октагонға шыға алмайтынын хабарлады. Осыған байланысты Шевченко чемпиондық белбеуін босатты.

Енді бос тұрған титулды Силва мен қытайлық Ван Конг сарапқа салады. Олар дивизион рейтингінде тиісінше бірінші және сегізінші орында тұр. Бразилиялық спортшы соңғы 14 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, оның жаңа қарсыласы қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жеткен.

UFC-де атап өткендей: «Бұл жекпе-жекте екі динамикалық әрі тартымды соққы шебері кездеседі, олардың әрқайсысы октагонға шыққанда ұмытылмас сәттер туғыза алады».

Валентина Шевченкоға 38 жас. Ол салмақ дәрежесіне қарамастан UFC әйелдер арасындағы үздік файтерлер рейтингін бастап тұр.