Қытайдың Сычуань провинциясында банкет кезінде қабырға құлап, бес адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды, деп хабарлайды infohub.kz.
Оқиға 18 тамызда Чаннин уезінің ауылында болған. Xinhua агенттігінің хабарлауынша, апатқа қабырғаға бекітілген жаңбырдан қорғайтын уақытша шатырда судың жиналуы себеп болған. Артық қысымнан құрылымды ұстап тұрған арқандар тартылып, қабырға қонақтардың үстіне құлаған.
Жергілікті төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, ауыл тұрғыны ауласында дастарқан жайған. Кенеттен шатырға тірек болған қабырға құлап, үш адам оқиға орнында қаза тапқан, тағы екеуі ауруханада алған жарақатынан көз жұмған.
Қазір 17 жарақаттанған адам дәрігерлердің бақылауында, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


