Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, еліміздің азаматшасы туристік топ құрамында Қытайдан Непалға шекарадан өткен, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алдыңғы күні Қытай мен Непал арасындағы шекара өткелі маңында көшкін жүріп, жол қозғалысына, байланыс пен электрмен жабдықтауға әсер еткені белгілі болды. Кейін күшті су тасқыны салдарынан мыңдаған адам хабарсыз кеткені хабарланды. Ірі тасқынның себебі жер сілкінісі мен одан кейінгі көшкін деп аталды.
Осыдан кейін ҚР СІМ азаматтарымыз туралы алғашқы мәліметтерді жариялады. Алдыңғы күні ТЖ болған жерде қазақстандықтар туралы ақпарат белгісіз еді. Бүгін NUR.KZ тілшісіне жаңа деректер хабарланды.
«Алдын ала ақпарат бойынша, Қазақстан азаматшасы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекарадан өткен. Азаматшамыздың қазіргі орны әзірге белгісіз. Хабарсыз кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастыруда», — делінген түсініктемеде.
Айта кетейік, бүгін таңертең табиғи апат құрбандарының саны 160-тан асты. Сондай-ақ Непал мен Қытай билігі бірқатар елдің азаматтарының хабарсыз кеткені туралы хабарлаған.


