- 19 қыр. 2019 00:00
- 344
Магнийдің пайдасы
Магний өмірлік мәнде өте маңызды болған 11 минералдан бірі, бәлкім ең маңыздысы болып табылады. Магний денеге азықтар жолымен алынады, стресс пен бас ауруына қарсы пайдалы және жүректі қорғайды.
Астма және аллергиялық тұмауды жеңілдетеді. Магний жүйке және бұлшық ет жүйесінің саулығы, тіс және сүйектер үшін де маңызды. Кейде (Диета сақтау, спорт, стресс және т.б жағдайларда) магнийге қажеттілік туындайды. Магний теріні және шашты әдемілейді, тырнақтарды қуаттандырады. 300 ферментті жұмыс істетеді және осы арқылы зат алмасу үрдісіне болымды әсер етеді.
Магний топырақта және теңіз суларында сақталған. Бұл минерал функцияларын орындай алуы үшін денеге әрдайым берілуі керек. Сондай-ақ көп терлеген және ішті айдайтын дәріні ішкен адамдарда денеден көп мөлшерде магний кетеді. Ал стресс, жүктілік және бала емізу сияқты жағдайларда дененің магнийге деген қажеттілігі одан да арта түседі және дене бұл минералды жеткілікті мөлшерде алмағандықтан, сүйектердегі магнийді қолдануға кіріседі. Асқазан-ішек жолдарында, несеп жолдарында және аяқтағы сіңірдің тартылуы, жүрек соғуының бұзылуы, мойында және иықта тартылулар немесе ашуланшақтық, аяқ-қолдың ұюы бас ауруы, жоғары дауысқа қарсы сезімтал болу магнийдің аздығының белгісі.
Магний – дәнді-дақылдарда, бұршаққындыларда, көкөністерде, жұмыртқада, алмада, жаңғақта, күнбағыста, сәбізде, балдыркөкте және салат жапырақтарында көп мөлшерде табылады.
Түрлі азықтың пайдалары:
Сергектік үшін балық тұтыныңыздар
Күнделікті зімбірмен ауқаттанудың 5 себебі
Қатерлі ісіктің алдын алушы — жүзім