Абсолюттік жекпе-жек чемпионатының (UFC) жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікір білдіріп, оны 77 келіге дейінгі салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткерлермен салыстырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ресейлік спортшы танымал «Ушатайка» спорттық YouTube-арнасына сұхбат берді. Әңгіме барысында Ислам Махачевтен Шавкат Рахмоновты қазір чемпиондық белбеуге таласып жүрген бразилиялық Карлос Пратес пен эквадорлық Майкл Моралестен жоғары қоя ма деп сұрады.

«Шынымды айтсам, мен оларды бір деңгейде қоямын. Пратес — қауіпті соққы күші. Моралестің өзі өте ірі, күресте де, тік тұрыста да қауіпті. Шавкат та шеберлігі жағынан мықты қарсылас», — деді Махачев.

Дегенмен Ислам Махачев өзі кеткен соң жартылай орта дивизионда чемпион Иэн Гэрри болады деп болжайды. Айта кетейік, Гэрри Махачевке де, Рахмоновқа да жеңілген.

Еске салайық, өткен аптада танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов ресейлік файтер Ислам Махачевпен арадағы қақтығыс туралы мәлімдеме жасаған болатын. «Менің ойымша, Ислам үшін ең мықты қарсылас — мен. Ал мен үшін де ол ең мықты қарсылас», — деген «Номад».