Мексикада ұшқышсыз әскери тікұшақтар қатысқан ауқымды арнайы операция барысында «Бельтран Лейва» наркокартелінің 44 жастағы басшысы «Эль Чапо Исидро» лақап атымен танымал күдікті ұсталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Bild басылымының дерегінше, қамауға 44 жастағы Фаусто Исидро Меса — «Бельтран Лейва» картелінің басшысы, «Эль Чапо Исидро» деген атпен белгілі тұлға алынды. Ол ФБР ең көп іздейтін 10 қылмыскердің тізіміне енген.
Наркобарон Синалоа штатындағы Гуасаве қаласында ұсталды. Қамау кезінде төрт әскери қызметші және банданың жеті болжамды мүшесі қаза тапты. Операцияға әскери тікұшақтар қатысты.
Сонымен қатар топ мүшелері қала көшелерінде былық шығарғаны хабарланды: олар атыс жүргізіп, дүкендер мен ондаған көлікті өртеп, көшелерге баррикадалар тұрғызды. Тұрғындар дүкендер мен мектептерде паналады.
Мексика Қорғаныс министрлігі көшелердегі баррикадалар алынып тасталғанын, бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
АҚШ билігі «Эль Чапо Исидроны» героин, метамфетамин, кокаин, фентанил және марихуананың ірі партияларын контрабандалады деп айыптаған. Ол туралы ақпарат үшін ФБР 5 млн доллар сыйақы тағайындаған.


