Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы толық құрамда 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Еркінғали Бүркіталин (77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) таңғы сессиядағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен жеңіспен бастады. Сосын ширек финалда Оңтүстік Кореялық Юн Тэ Ёнды судьялардың бірауыздан шешімімен ұтты. Келесі кезеңде Бүркіталин филиппиндік Карлос Альвареспен кездеседі.
Санжар Әділов (65 келіге дейін) бірден ширек финалдан бастады, онда судьялардың көпшілік шешімімен ирандық Афшин Салими Тупгарды жеңді. Әрі қарай қазақстандық Тәжікстандық Отабек Раджабовпен жұдырықтасады.
Қадырбек Шынбаев (71 келіге дейін) те алғашқы жекпе-жегін 1/4 финалда өткізді. Овертаймнан кейін ол судьялардың көпшілік шешімімен Бахрейн өкілі Құрбан Идрисовтен басым түсті. Жартылай финалда қазақстандық өзбекстандық Нодирбек Шавкатовпен күш сынасады.
Бүркіталин мен Әділов «Traditional» санатында өнер көрсетеді, мұнда қатысушылар спорттық кимоно киіп жекпе-жек жүргізеді. Шынбаев «Modern» бөлімінде сайысады, онда жекпе-жектер шорты мен рашгардта өтеді.


