Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Мопедтерді тіркеу бойынша жаңа талаптар белгілі болды

2025 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанда мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестіріледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Бұл мопедтерді пайдалану үшін арнайы құжаттар мен рәсімдер қажет екенін білдіреді:

  • полицияда тіркеу;
  • А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
  • техникалық тексеру;
  • азаматтық жауапкершілікті сақтандыру.

Мопедті қалай тіркеуге болады?

Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • жеке куәлік (электронды түрде ұсынуға болады);
  • мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамасы.

Тіркеу кезінде өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, мемлекеттік бажды төлеу керек.

Маңызды:
2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізу және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару заңсыз болып саналады. Сондықтан мопедті тіркеуден өткізіп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы хабарлады.

Жаңа заңнаманың мәні

2023 жылғы 3 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жол жүрісі туралы" және Әкімшілік кодекске түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Енді мопед жүргізушілері А1 санатындағы жүргізуші куәлігіне ие болуы тиіс. 2025 жылғы 4 сәуірден бастап мопедтерге мемлекеттік нөмірсіз және жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады.

Бұл талап мопедтердің барлық түрлеріне қатысты, соның ішінде ең жоғары жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын көліктерді де қамтиды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама