Қазақстан полицейлері есірткінің транзит арналарын жабуға бағытталған шаралар қолданып жатыр. Жамбыл облысында арнайы іс-шаралар барысында 120 кг дайын өнім мен есірткі жасауға арналған шикізат тәркіленді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, Меркі ауданындағы Қарасу ауылының маңында жерасты тайнигінен 20 кг марихуананы алып жатқан жерінен жергілікті тұрғын ұсталды. Ол бұрын есірткі сатқаны үшін бірнеше рет сотталған.
Шу ауданында бір зауыттың маңында кептірілген марихуана салынған бес қап толы тайникті қазып ашып жатқан үш жергілікті тұрғын ұсталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 72 кг болды. Ұсталғандардың екеуі бұрын есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Сонымен қатар Түрксіб станциясында Шу — Тәтті теміржол аралығында екі жергілікті тұрғын ұсталып, олардан 25 кг құрамында есірткісі бар қарасора өсімдігі тәркіленді.
Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың барлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.


