Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер

Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Рамазан айы әр жылы он немесе он бір күнге артқа жылжиды. Отыз үш жыл ораза ұстаған адам жылдың барлық мезгілдерінде, барлық айлары мен күндерінде ораза ұстаған болады. Ораза тұту пайдалы. Мұны медицина мамандары да растауда:

Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизон гармондары қанға бұрынғыдан да оңай араласады. Бұл гармондар рак клеткаларына әсерін тигізеді. Рак клеткаларына қарсы қалқан болады, яғни рак клеткаларының көбеюінің алдын алады.

Ораза тұтқанда дене құрылысы ретке келеді, ішкі мүшелердегі майлар еріп, дененің сергектігі артады, иммунитеті нығаяды, асқазан, бүйрек, қантты диабет, жүрек және бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеті артады.

Түрлі міндеттері бар бауырдың ас қорыту міндеті де бар. Ораза кезінде 3-5 сағат демалады, азық жинау жұмысын бір мезгіл тоқтады. Бұл арада қорғану жүйесін күшейтетін глобин ақуыздарын дайындайды. Асқазандағы бұлшық еттер және секрет бөлетін жасушалар, ораза кезінде бірнеше сағатқа демалады. Қанның көлемі де азайағаны үшін қан қысымы азайып жүрек тынығады. Әсіресе қан қысымы жоғары болған адамдар үшін ораза дәрі секілді пайдалы келеді.

Тамыр бітелуі (Атеросклероз)

Азық қалдықтары жақсы қорытылмағанда тамырларды тоздырады. Қорытылмаған майлар тамырларды тарылтады, тамыр бітелуіне  себеп болады. Ораза тұтқанда кешке дейін денеде азық қалмайды. Яғни бүкіл азықтар қорытылып болады. Бұл тұрғыдан да әсіресе «тамыр бітелуі» бар адамдарға басқа айларда да ораза тұтуы кеңес беріледі. Ораза кезінде дененің басқа мүшелері де демалады. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет — мал мүлктің кірі. Зекет берген адам мал-мүлкін кірден қорғағанындай, ораза тұтқан адам да денесінің зекетін өтеген болады, денесін аурулардан қорғаған болады.

Оқуға кеңес береміз:

Жапон ғалымы Оразаның пайдасын дәлелдегені үшін Нобель сыйлығын алды

Ораза өмірді ұзартады

Бір жыл бойы әр түрлі тағамдарды қорытып шаршаған адамның асқазаны мен ішектерін жылына бір рет демалдырып, саулығын қорғаудан бөлек рухани пайдасы да өте көп. Ораза ұстау дегеніміз тек қана ішіп-жеуден тыйылу деген сөз емес. Қолы, тілі, көзі, құлағы және барлық мүшелерін де күнә істеуден аулақ ұстау керек.

Мысалы, рухани пайдасының бірі — ораза ұстаған адам аш адамның қиыншылығын сезініп, мұқтаждарға көмектесу керектігін түсінеді. Бұл адамдардың бір-біріне көмектесуіне себеп болады. Осылайша адамдар арасында ұрыс-керіс пен дауласу емес, сүйіспеншілік пен құрмет-сый, татулық пайда болуда.

Ораза — хикмет қазыналарының кілті. Ораза ұстау жүректің сезімтал күйге келуіне себеп болады...

Сәйид Бурханәддин Тирмизи


Оразаны бұзбайтын нәрселер

- Ораза екенін ұмытып, бір нәрсе ішіп-жеу

- Аузына келген құсықты кері кетіру

- Денесіне йод, май, сүрме жағу

- Оттегі түтігімен жасанды ауа беру

- Оразаны бұзуға ниет етіп бұзбау

- Қаламай аузын толтырып құсу

- Тамағына шаң, түтін кіріп кету

- Өз қалауымен өзін қинап азғана құсу

- Көзіне дәрі тамызу

- Ғайбаттау

- Ұйқыда жүніп болу

- Тіс шұңқырына дәрі қою

- Гүл иісі және одеколонды сеппей иіскеу

- Уколсыз тіс жұлдыру

- Жұтпай тамақтың дәмін, тұзын көру

- Басқа адамның шеккен темекі түтіні сақтанса да аузына, мұрнына кіру

- Тіс жұлдырғанда сары қанды жұту

- Аузын жуғаннан кейін қалған ылғалды түкірікпен жұту

- Қан алдыру

- Құлағына су кету

- Ояу кезде қарап, жүніп болу

- Мисуак қолдану

Бұлардың ешқайсысы оразаны бұзбайды.

Оразаны бұзатын нәрселер

- Қателесіп бұзу.

- Тамағына қар және жаңбыр кетіп қалу.

- Зорлап бұздыру.

- Мұрынға сұйық дәрі құю.

- Мұрнына иіссу жағу.

- Муқим кезде (сапарға шықпай тұрып) бастаған оразасын сапарда бұзу.

- Басқа адам шеккен темекі түтінін өзі қалап иіскеу

- Құлақтың ішіне дәрі тамызу.

- Терідегі жараға жағылған дәрінің ішке кіруі.

- Денеге инемен (укол) дәрі егу.

- Өз қалауымен өзін қинап ауыз толтырып құсу.

- Тісі қанаған немесе тісін жұлдырған кезде аузындағы қанды жұту немесе түкірікпен бірдей мөлшерде аралас қанды жұту.

- Сәре уақытының біткенін білмей ішіп-жеу.

- Күн батты деп ойлап ауыз ашып жіберу.

- Тістердің арасында қалған ноқат үлкендігіндегі нәрсені жұту.

- Ауырған тісін укол салдырып, жұлдыруға мәжбүр болған адам ораза бұзылғандықтан жеп-ішсе тек қаза етуі керек.

- Дәрет алғанда аузына су кету.

- Қағаз, тас, мақта, шөп, піспеген күріш сияқты дәрі және азық болмаған нәрсені жұту.

- Ораза тұтып ұйықтап жатқан кісінің аузына біреу су құйса, бұзылады.

- Ораза екенін ұмытып жеген кезде ораза бұзылды деп біле тұра жеуді жалғастыру.

- Рамазанда таңға дейін ниет етпей кейіннен ниет етіп ораза тұтуды бастаған соң түстен бұрын немесе кейін оразасын бұзу.

Бұлардың барлығында ораза бұзылады және айттан кейін бір күннің орнына тек бір күн қазасын тұтып береді.

Оқуға кеңес береміз:

Сан түрлі дерттің шипасы — құрма

 

Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама