Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сан түрлі дерттің шипасы — құрма

Құрма — тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы. Құрма ыстық  климатты аймақтарда өсіріледі. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын елдерге: Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Құрма эбен тұқымдасына жататын туыс. Құрма туысына ағаштар және бұталы өсімдіктер жатады. Құрманың  500-ге тарта түрі бар.  Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Кептірген жемісінде 52% қант, 48% глюкоза болады. Құрма тұқым күйінде және телу, ұластыру арқылы өсіріледі. Құрманы тұқымынан өсіргенде 5-7 жылда, ұластырылғандары 3-4 жылда жеміс береді. Ірі ағаштары жылына 250 кг-ға дейін өнім береді.

Құрманың пайдалары:

— Ас қорытуға пайдалы. Тойымдылық қасиеті өте жоғары болып табылады (100 г.-да 277 ккал.). Зерттеуші Х.У.Дэусон бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтқан.

— Жас құрманың бойында 60-65 пайыз қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді.

— Құрамында А, С дәрумендері көп болғандықтан, салқын тигенде сауықтырады. Салқын тиіп, жөтел пайда болса, 1 құрма жемісі шырынын 3,5 ас қасық жылы сумен қосып тамақты шаю қажет.

— Қан аздыққа пайдалы. Темірге бай болғандықтан бір адам күніне 15 дана құрма жесе,  денедегі темір қажеттілігін қамтамасыз еткен болады және темір жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардан сақтанған болады.

— Глюкоза қан құрамын реттейді. С, Р дәрумендері көктамырдың әлсіздігін азайтады. Бұл микроэлементтер жүрекке өте пайдалы. Оған қоса артериялық қан қысымын реттейді және қан қысымы артқанда қалпына келтіру үшін қолданылады;

— Талшықты жемістердің қатерлі ісікке шалдығу қаупін төмендететін зерттеулер көрсеткен. Құрмаларда көп мөлшерде талшық болады.

— Мидың жұмыс істеу қабілетін арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады.

— Құрма антиоксидаттың қайнар көзі. Антиоксиданттар қатерлі ісік, тамырдың бітелуі және қартаюдың алдын алуда өте пайдалы. 

— Зерттеулер нәтижесінде құрманың антисептик дәрі екені, жараларды тез жазатын, сүтті арттыратын, нәрестені қоректендіретін, құрамындағы калий балалардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ететін таптырмайтын азық екені анықталған.

— Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады. 

— Құрамындағы фосфор мен калцийдің молдығы қаңқа сүйектерінің қалыптасуында және сүйек құрылысының тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Фосфор мен калцийдің көптігі сүйек ауруларынан қорғайды.

— Құрмада B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырдың қызметін жақсартады. Бауыр суық жемістерді жақсы көретіндіктен құрманы қауын, қиярмен жеген жақсы болады.

— Асқазан жарасын емдейді. Асқазан жұмысын жақсартады. Кейбір мемлекеттерде асқазан жарасын емдеу үшін құрма арнайы тәжірибеден өткен.  

— Қуық және бүйрек қабынуында шипа болады. Суы бүйрек тастарының ыдырауына өте пайдалы.

— Миды және жүйке жүйесін тынықтырады. Олардың жұмыс істеу қабілетін жақсартып, сергіткіш әсер береді. Құрманы үнемі жейтін адамдар депрессияға түспейді. Ұмытшақтық ауруын емдеуде құрма үлкен жетістікке жетті.

— Бронх пен өкпенің қабынуын сауықтырады.

— Құрамында йод көп болғандықтан қалқанша безі ауруына шипа болып табылады.

— Күніне 1 құрма жеу ағзаны магниймен байытады, ұйқының ты-ныштығын қамтамасыз етеді. Ал фруктоза мен глюкоза көңіл күйді көтереді.

— Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама