Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Азиада-2026-да алғашқы жекпе-жегінде-ақ жеңіліп, турнирдегі өнерін аяқтады. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Азияның қазіргі чемпионы Оңтүстік Корея өкілі Дон Хван Чанға төрешілердің бөлек шешімімен – 1:4 есебімен жол берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ең тартысты болған алғашқы раундта екі төреші Асылқұловқа ұпай берсе, үшеуі кореялық боксшыны қолдады. Екінші үш минуттық үзілісте Дон Хван Чанның төрешілер парақшасындағы басымдығы 4:1 болды. Қорытынды раундты да төрешілер дәл осы есеппен бағалады.

Асылқұлов үшін бұл мансабындағы алғашқы Азия ойындары еді. 2025 жылы қазақстандық Дубайда 57 келіге дейінгі салмақта IBA әлем чемпионы атанса, 2026 жылдың көктемінде Ұланбатырда World Boxing Азия чемпионатын 60 келіге дейінгі дәрежеде жеңіп алған болатын. Бұған дейін ол Азия чемпионаты-2024-тің күмісін де иеленген.

Асылқұлов Қазақстанның ерлер құрамасынан турнирдегі өнерін аяқтаған екінші өкіл болды. Бұған дейін 80 келіге дейінгі дәрежеде Сабыржан Аққалықов та алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған.

Сондай-ақ бүгін Ойындар-2026-дағы өнерін Олимпиада-2024-тің қола жүлдегері әрі әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай да аяқтады.

Жапониядағы XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте ресми түрде ашылды. 45 елдің спортшылары қатысатын жарыста 460 комплект медаль сарапқа салынуда. Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының құрамында 35 спорт түрінен 558 спортшы сынға түсуде.

Азиада-2026 шолулары: 1-күн, 2-күн, 3-күн, 4-күн, 5-күн.